«Шарын» ұлттық паркі жанында экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылады

«Шарын» ұлттық паркі жанында экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Шарын» мемлекеттік ұлттық паркі жанында экотуризмді дамыту жөнінде қоғамдық кеңес құрмақ. Осыған орай барлық ниет білдірушілер, оның ішінде ғалымдар, сала сарапшылары, туристік қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен эко-белсенділер қоғамдық кеңестің құрамына ене алатынын алдынала хабарлаймыз.
Жаңадан құрылатын кеңес аталған жобаны қоғамдық мониторингілеуге қатысатын болады.
Барлық мүдделі тұлғаларға белгіленген формаға сәйкес, 2020 жылдың 3 қыркүйегіне дейін электрондық поштаға жеке басы туралы мәліметтерді жолдауларын сұраймыз.
Айта кетейік, 2020 жылдың 21 тамызында «Шарын» ұлттық паркі қарамағында экотуризмді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Ниет білдіруші азаматтар тұжырымдаманың толық нұсқасымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР ЭГТРМ Орман және жануарлпр әлемі комитетінің және «Шарын» өзінің сайттарында таныса алады.
Аталған тұжырымдама туралы ұсыныстар мен ескертулер e.muratov@ecogeo.gov.kz, электрондық поштасы арқылы қабылданады.