ҚЫЗҒЫЛТ ҚАМАЛДАР ҚОРҒАНЫ

ҚЫЗҒЫЛТ ҚАМАЛДАР ҚОРҒАНЫ

Шарын шатқалыАлып аңғарлар. Қызғылт қамалдар. Мыстан сайлар. Жалмауыз кемпірөзегіАңыз көп осы бір айрықша орын туралы айтылатын. Ақиқатын ешкім аршып алаалмасы тағы белгілі. Өйткені Шарын каньоны мына жер бетіне адамның табаны тимейтұрып, миллион жылдар бұрын пайда болған. Өйткені мұндай кер даланың төсінен адамбаласы мың жылдар кертісе де, дәл осындай ғажапқа толы әлемді жасаулары мүмкін емес,оған тек бөлекше күш, миллиондаған жыл уақыт қажет. Шарынға барып, өз көзімен көргенжан оның кереметін анық түсінеді, ертегілер елінде, яки бір ерте заманда қираған алыпқағанаттың орнында тұрғандай күй кешетіні рас. Неге дейсіз ғой

Жеті иірімді суы бар әйгілі Жетісудың орта бөлігінде мыңжылдықтар жұмбағын ішіне бүгіп даңқы алысты шарлаған Шарын жатыр. Алматыдан 200 шақырымдық жерде, Нарынқол мен Кегеннің етегін басып, Шығысқа бет түзеген керуен жолдардан сәл қиыс шетте орналасқан бұл өзгеше өрнекті мекен туралы адам баласының білгеніне көп бола қойған жоқ. Жоқ, қателесіп тұрмыз, өзгелер бұл сұлу мекенді көрмегенімен, біздің бабаларымыз сан мың жылдардан бері осы таулардың қойнауында өмір сүріп, тылсымы көп мекенге таңырқаумен келеді. Әуел десеңіз, сонау қола дәуірінен бұрын-ақ осындағы құздардың басына, тастардың, уақыт мүжіп бітірген, тотықтырған қызғылт керіш топырақтардың бетіне – ежелгі адамдар, бәлкім, прототүркілер, бағзы көшпенділер шығар, түрлі-түсті суреттер сызғанын көрер болсаңыз, ойыңыздың он саққа кетері сөзсіз. Баһадүр бабаларымыз не жазды екен? Не сызды екен? Қызықсаңыз, солай тартыңыз!

Шарын

Көрген де арманда, көрмеген де арманда…

Бір қарасаң айбарлы арыстанға, енді бір қарасаң жалама құз жартастарға, тағы бірде мұнаралар тізбегіне ұқсайтын жал-жал қыраттардың ішінен – сағымдар әлемінен мұнартып неше түрлі формадағы бейнелер елес беріп өткендей. Мұнаралар ішінен уілдеп, дауылды жел яки ызғырықты үскірік соққанда, түрлі дыбыстар шығып, жын-перінің мекеніндей болып кетеді дейді жергілікті жұрт

Әлемнің арғы жарты бөлігінде аты жалпақ жұртқа мәшһұр осындай бір каньон бар. Солтүстік Америкадағы Колорадо каньондарының  тура бір үзіліп түскен бөлшегі осы Шарын дерсіз. Колорадоны адамдар бертінде байқап, жиі зерттеу жүргізіп, туристердің назарын аударғалы ғасырдан астам уақыт өтті. Үндістердің сырлы мекенін алғаш ашқан америкалық саяхатшылар орта ғасырлық хандықтардың үстінен түстік пе деп те ойлаған көрінеді. Алғашқы көрген жанға сондай сұлу, әсемдігімен қоса, айбарлы, суық, қорқынышты да елестейтін бұл каньон жайлы да аңыздардың сан тарау нұсқасы бар. Ал Шарын шатқалын алғаш көрген орыс геологтары мұндай табиғаттың басқа аймақтарда жоқтығын айтып аузының суы құрыған. Тіпті Колорадоңыздың өзі ауқымы сәл үлкенірек демесеңіз, шарынның қызғылт топырағы, өзгеше ойылымдық өрнектері, табиғи жақпар құздары жанында жіп есе алмайды дейді білетіндер.

Бір қарасаң айбарлы арыстанға, енді бір қарасаң жалама құз жартастарға, тағы бірде мұнаралар тізбегіне ұқсайтын жал-жал қыраттардың ішінен – сағымдар әлемінен мұнартып неше түрлі формадағы бейнелер елес беріп өткендей. Мұнаралар ішінен уілдеп, дауылды жел яки ызғырықты үскірік соққанда, түрлі дыбыстар шығып, жын-перінің мекеніндей болып кетеді дейді жергілікті жұрт. Ешқандайда жын мен перінің мекені емес, Алла өзі ғажап жаратқан бұл шатқалдар қосынынан желдің екпініне, қай бағыттан соққанына қарай, аңғарлар аурасынан өзі сондай табиғи үн шығатын көрінеді.

Геолог ғалымдардың болжамына жүгінсек, бүгінгі Тәңір таудың күнгей қапталы кезінде алып дария болған көрінеді. Сол дарияның түбінде бұдан шамамен 25 миллион жыл бұрын тас пен құмдардың үлкен тұнбасы қалыптасқан. Күндердің күнінде дария тартылып, су аяғы құрдымға сіңеді. Міне, осы кезде байырғы алып тұнбаның орнына осы Шарын шатқалы мирасқа қалған. Одан бері де шамамен 12 миллион жыл жылжыған… Мұны ғалымдар осы Шарынның кер топырағынан табылған теңіз жәндіктерінің қаңқалары арқылы дәлелдеп отыр. Осы құпияға толы қызыл аңғарды екіге жарып Шарын өзені ағады. Онсызда көркем мекенге тіптен көрік беріп, ирелеңдеп аққан өзен суы Шалкөде жайлауынан бастау алып, арындап келіп, Кегенге келіп аз дамыл алғандай болады. Сосын Қарқара суына қосылып, Шарынға айналады. Шарын 225 шақырым бойы тынымсыз ағады. Дәл осы аңғардың өзімен үш шақырымдық қашықтықты шауып өтеді. Суының тереңдігі 2-3 метрден басталып, кей жері одан да тереңге тартады. Айналасындағы алып қорғандарды, түксиген жарқабақтарды, бұрылыс-қалтарысы көп иіндерді кесіп өткен сайын жаны рахат табатындай арынын бәсейтіп, біртүрлі ырғақпен жылыстап ағады. Сөйтеді де, соңыра әйгілі Іле дариясына құяды.

Шарын1

Тылсым табиғатқа таңырқамай тұра алмайсыз!

Шарын шатқалы ең бір экзотикалық, табиғи көріністері көз сүріндірерлік шырайлы мекеннің бірі. Құмдауытты жардың биіктігі 100-150 метрден басталып, 300 метрге дейін жетеді. Әр қырынан қараған сайын, күн сәулесінің түсуіне әрі желдің соғуына, маусымдардың ауысуына орай бұл жердің көріністері, топырақтың түсі, мүсіндердің бедері де өзгеріп отыратыны қызық. Қыс, күз мезгілдерінде қырық қабат топырағы сарғыш-күлгін түске өзгеріп, сәл томсарыңқы сезілетіні бар. Есесіне осы мезгілде алуан түрлі мүсіндерді елестетін қорғандардың шынайы бейнесін айқын бажайлауға болады. Ал көктем мен жаз мезгілдерінде таңертең мен кешкілік көгілжім мұнар үстін жауып, білінер-білінбес бір қабат бу қоршайды да тұрады қашан көрсең. Түс әлетінде қызғылт-сары нұр топырағының түсін одан әрмен қызылдандырып, көз алдыңда алуан сағым арпалысып жатады…

ірде алыстан мұнарланып, енді бірде дәл иық тұсыңнан төніп тұрғандай көрінетін қарт Алатауға қарап отырып, екі жүз шақырымдық қашықтықты қалай басқаныңды байқамай қалуың ғажап емес.

Бұл мекенге аяқ басқан жан Алматыдан шыққасын, жол бойы өзіңмен бірге зулап, Шығысқа қарай жарысып отыратын Алатау сілемдерін тамашалап барады. Бірде алыстан мұнарланып, енді бірде дәл иық тұсыңнан төніп тұрғандай көрінетін қарт Алатауға қарап отырып, екі жүз шақырымдық қашықтықты қалай басқаныңды байқамай қалуың ғажап емес. Енді, міне Алатаудың бауырына өзге мекеннен әдейі ойып әкеп орнатқандай қамалдар аңғарына жолығасыз. Сырт қараған жанға жатағандау көрінгенімен, жалғыз аяқ соқпақпен жағалай жүрген сайын әрбір қыртыстың өзіндік қайталанбас суреттерге толы екенін байқайсыз. Көкке бой созған мұнаралар арасынан көкжиектің қиғаш түскен сәулесін жұтып, өсімдіктер әлемі мың құбылады. Өзге жерге қарағанда мұндағы өсімдіктердің өзі басқашалау. Биологтар мен зоологтар мұнда 1500-ден астам өсімдік түрі кездеседі дейді, соның 17-сі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енгені тағы бар. Сүтқоректілердің 62 тұқымы емін-еркін жайғасса, ұя басар құстардан 103, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кезігеді. Айтпақшы, Шарын ұлттық паркінде табиғат Ескерткіші ретінде сақталып, мемлекеттік қорғауға кірген Шетен тоғайының өзі бір керемет. Бұл өсімдіктер әлемінің ең көнесі есебінде тіркелгенін біреу білсе, біреу білмес. Солтүстік Америка мен Қазақстанда ғана бар бұл тоғай шатқалды көргісі келетін жандар үшін де қызықтырарлық қуатқа ие.

Шарын туралы соңғы кездері жиі жазылып, әлемде екі-ақ елде бар каньонның қадір-қасиеті туралы сөз бола бастады.Бұл мекенді көргісі келетін ғалымдар да, туристер де көп. Мемлекеттік дәрежеде көңіл бөліп, осы жерді көргісі келетіндерді ертіп апаратын туристік фирмалар да жетерлік. Дегенмен, Америкадағы Гранд-каньон (Колорадо аңғарлары) сияқты мүмкіндіктер жасалмағаны және шындық. Егер Америкадағы сол бір ойлы-шұңқырлы, табиғаты мүлдем бөлек мекен туралы көргіңіз келсе, алдымен ол туралы түсірілген деректі фильмдердің бірталайын ақтарар едіңіз. Сан мың болжамдар мен аңыздар иірімі Сізді өзіне тартары даусыз әрі Сіз бармай тұрып-ақ талай ақпаратқа қанығып аласыз. Ал ол туралы зерттеу еңбектер, естеліктер, саяхатшылардың күнделіктері, сондағы аңыздардың желісі бойынша түсірілген көркем фильмдердің өзі бір төбе. Ал Шарынға күніне ары кеткенде мың адамды қабылдауға болады. Және бұл мекен туралы, қалыптасу барысы жөнінде дұрыс ақпараттың жоқтығы қынжылтады. Тек сандық цифрлар ғана бар. Деректі фильмнің өзі некен-саяқ…

Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ

Пікір қалдыру

Пікіріңіз (міндетті)

HTML тег атрибуттарды қолданыңыз

Атыңыз (міндетті)
E-mail (міндетті)